№372 Бастауыш Мектебінің Тарихы
Аталар дара тұлға іс-жасаған.
Артында өшірілмес жол қалдырған.
Ескірмес әрбір істің ақиқаты.
Тарих болып болашаққа жазба қалған.
— Ж. Баласағұн
Мектептің негізі қаланған жылдар
№372 бастауыш мектебі 1929 жылы тамыз айында Түркісіб темір жолының бойында құрылды.
Сол кезде темір жол жұмысшылары мен олардың отбасыларына арналған алғашқы оқу орны ретінде өз жұмысын бастады.
Бастапқы мақсаты – балаларды сауаттандыру, теміржолшылар отбасыларына білім беру орталығын қалыптастыру болды.
Қалыптасу және даму кезеңдері

92 жылдық тарихы бар бұл мектептен мыңдаған шәкірттер түлеп ұшты.

Мектеп түлектері бүгінде елдің түрлі саласында қызмет етіп, абыройлы жетістіктерге жетті.

Олардың қатарында:

  • ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі, ғалым, профессор М.Ж.Жұрынов
  • Социалистік Еңбек Ері Әуесхан Салықбаев
  • «Жеті қазына» ТОО директоры О.Аппазов
  • Әскери бөлім командирі, полковник Н.Мырзалыұлы
  • Жоғары дәрежелі спорт шебері, олимпиада жеңімпазы Жаппарқұл Жазира Абдрахманқызы және басқа да көптеген танымал тұлғалар бар.
Мектептің тарихында оны басқарып, дамуына үлес қосқан директорлар:
1958–1967 — Мырзахметов Байтемір
1967–1972 — Қазанбаев Алиакбар
1972–1978 — Қазанбаева Жанар
1978–1979 — Қожахметова Күлпаш
1979–1980 — Шұлғаубаев Амангелді
1980–1981 — Ескермесова Сәнтай
1981–1984 — Құдайбергенов Тұрсын
1984–1985 — Жолдыхожаева Құралай
1985–1996 — Құдайбергенов Тұрсын
1996–1999 — Нұрымбет Әбжаппар
1999–2000 — Тұрсынова Ақжарқын
2000–2013 — Бейсенова Зүбайра
2013–2015 — Асқаров Талғат
2015 жылдан бастап — Есилбекова Тажигүл Сейтжаппаровна
Бүгінгі мектеп
Бүгінде №372 бастауыш мектебі – тарихы терең, дәстүрі берік білім ордасы.
Мектепте:
  • 30
    Мұғалім
  • 252
    Оқушы
  • 3
    мектепалды даярлық сыныбы бар
Ұстаным
«Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі.»
Ыбырай Алтынсарин